Forbes журналы Қазақстандағы ең дәулетті әйелдердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімге енген 25 кәсіпкердің жалпы байлығы 8,1 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Рейтингте бұрынғысынша Динара Құлыбаева топ жарып тұр. Оның байлығы 5,4 млрд долларға бағаланған. Бұл тізімдегі барлық қатысушының жиынтық капиталының басым бөлігін құрайды.
Екінші орынға 650 млн доллар капиталымен Мұқадасхан Ибрагимова жайғасқан. Ал үздік үштікті Дариға Назарбаева түйіндеді, оның байлығы 550 млн доллар шамасында.
Сондай-ақ алғашқы ондыққа Анжела Сәрсенова (249 млн доллар), Aйжан Есім (207 млн доллар), Айдан Сүлейменова (175 млн доллар) және Гаухар Қаппарова (65 млн доллар) кірген.
