АҚШ салған мұнай блокадасының салдарынан Кубада алғаш рет бүкіл ел аумағында жарық сөнді. Бұл жағдай соңғы үш айдан бері отын импортының толық тоқтауынан туындап отыр, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Куба президенті Мигель Диас-Канельдің мәлімдеуінше, Вашингтонның қысымынан кейін Венесуэла мен Мексика мұнай жеткізуді доғарған. Энергетикалық дағдарыс жанармай бағасының күрт өсуіне және дәрі-дәрмек тапшылығына әкеп соқты.
Энергетиктер электр желілерін қалпына келтіруге тырысып жатыр. Алайда сарапшылар елдегі инфрақұрылымның әбден тозуы жағдайды одан сайын қиындатып отырғанын айтады.
