Қазақстанның Қара теңіздегі мұнай терминалына шабуыл жасалып, мұнай тиеп жатқан екі танкер зақымданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, шабуыл 19 шілде күні таңертең КТК (Каспий Құбыр Консорциумы) терминалында болған. Екі танкерге шабуыл жасалып, олардың біріне айтарлықтай зақым келген. Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен жедел қызметтер жіберілді.

Терминалдың жұмысы уақытша тоқтатылды. Компания шабуылды террористік акт деп бағалап, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.