Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің келесі кезеңі Түркияның Ыстамбұл қаласында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның сөзінше, Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты Әбу-Дабиде кездесу өткізу жоспары қарастырылмайды. Ал Ыстамбұл келіссөз алаңы ретінде барлық тарапқа ұнап отыр.
««Келіссөздің нақты қай күні және қай жерде өтетіні туралы нақты уағдаластық әзірге жоқ. Алайда, келіссөз процесінің жалғасатыны анық», – деді Дмитрий Песков.»
—
2022 жылы Ресей мен Украина Ыстамбұлда келіссөздердің үш кезеңін өткізген еді. Ал биыл АҚШ-тың араағайындығымен кездесулер Әбу-Даби мен Женевада болды.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф үшжақты келіссөздердің келесі раунды алдағы аптада өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.
