Краковта атыс кезінде алты адам қаза тапты, кем дегенде 17 адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті полиция өкілі Хуберт Цеплыйдың айтуынша, оқ сағат 15:03 шамасында Славковская көшесінде өтіп бара жатқан көліктен атылған.
Он жеті адам зардап шекті, оның ішінде екі полиция қызметкері бар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізуде.
