Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы толық тоқтатылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысы толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлады энергетика министрлігі.

1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады, дейді министрлік.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда.