Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстанның мұнай өндіру жоспары қайта қаралады. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, бастапқыда биыл былтырғыдай 99 млн 550 мың тонна мұнай өндіріп, көрсеткішті 100 млн тоннаға жеткізу жоспарланған еді. Алайда қаңтардағы шабуылдардан, сондай-ақ маусым-шілдеде жалғасқан шабуылдардан шамамен 3,5 млн тонна мұнай өндіру көлемінен айырылдық.
ТШО акционерлері күрделі жөндеу жұмыстарын биылдан келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл белгілі бір мүмкіндік берді, деді министр. Сондай-ақ NCOC операторлары да жөндеу жұмыстарын 2027 жылға ауыстырған.
Министрдің сөзінше, бастапқыда 98 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған еді, қазір түзетілген жоспар – 96 млн тонна. Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар Қазақстанда мұнай өндіру көлемін 3,5 млн тоннаға қысқартады. Есеп осындай, деді Энергетика министрлігінің басшысы.
Қазақстанның экспортталатын мұнайының 80%-ы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыры арқылы тасымалданады.
