Қазақстан футбол Премьер-лигасының соңғы турының матчтары аяқталды. «Ордабасы» алтынды мерзімінен бұрын жеңіп алды, күміс «Қайратқа» бұйырды, қола «Астанаға» тиді. Элитадан «Жетісу» мен «Қайсар» түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

КПЛ-2026 соңғы турының алдында маусымның соңғы бапкерлік ауысымдары болды. «Қайрат» пен «Елімайдың» бапкерлері Рафаэль Уразбахтин мен Андрей Карпович қызметтерінен кетті. Алматылықтар аңсаған алтынға қол жеткізе алмады және еурокубоктерде сәтсіздікке ұшырады. Семейліктер Ескі Әлемдегі дебютін сәтсіз өткізіп, 2027 жылғы еурокубоктерден тыс қалды.

«Қайсарға» маусымды құтқару үшін шақырылған Талғат Байсуфинов қысқа уақыт ішінде команданы жандандыра алмады. Қызылордалықтар «Астана Аренада» «Жеңіске» 1:2 есебімен жеңіліп, келесі маусымды Бірінші лигада өткізеді.

КПЛ-2026 екінші сәтсіз командасы «Жетісу» болды, ол 30-шы турда өз алаңында «Астанамен» 2:2 есебімен тең түсті.

⚽ «ІРТЫШ» (Павлодар) – «ОРДАБАСЫ» (Шымкент) 2:0 (1:0). Голдар: Юденков 11 (1:0), Юденков 81 (2:0). Пенальтиден мүлт кетті: Юденков 11 (қақпашы). Қызыл қағаз: Кейта (О, 55)

⚽ «ҚАЙРАТ» (Алматы) – «АЛТАЙ» (Өскемен) 1:1 (0:0). Голдар: Оксанен 55 (1:0), Горшунов 82 (1:1)

⚽ «ЖЕТІСУ» (Талдықорған) – «АСТАНА» 2:2 (0:0). Голдар: Басманов 54 (0:1), Добай 58 (1:1), Бурич 78 (1:2), Ануарбеков 83 (2:2). Қызыл қағаз: Кашкен (Ж, 70)

⚽ «ЕЛІМАЙ» (Семей) – «ОҚЖЕТПЕС» (Көкшетау) 1:4 (1:2). Голдар: Садовский 12 (0:1), Нұрғалиев 35 (0:2), Жақсылықов 38 (1:2), Лотоцкий 48 (1:3), Жангылышбай 90+3 (1:4)

⚽ «ТОБОЛ» (Қостанай) – «АҚТӨБЕ» 2:3 (0:1). Голдар: Шушеначев 44 (0:1), Милованович 48 (1:1), Жұмашев 56 (2:1), Ордец 69 (2:2), Ерланов 90+4 (2:3)

⚽ «ҰЛЫТАУ» (Жезқазған) – «АТЫРАУ» 0:3 (0:3). Голдар: Қалмұратов 3 пенальти (0:1), Максимович 28 (0:2), Максимович 45+3 пенальти (0:3). Пенальтиден мүлт кетті: Қалмұратов (А, 36) қақпадан тыс

⚽ «ЖЕҢІС» (Астана) – «ҚАЙСАР» (Қызылорда) 2:1 (1:0). Голдар: Тевзадзе 2 (1:0), Куат 31 (2:0), Мухамед 52 (2:1)

⚽ «КАСПИЙ» (Ақтау) – «ҚЫЗЫЛЖАР» (Петропавл) 1:2 (1:2). Голдар: Кеба 6 (1:0), Баокен 17 (1:1), Урошевич 31 (1:2)

«Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы қола жүлде үшін талас астаналық клубтың пайдасына шешілді. Көкшетаулықтардың Семейдегі 4:1 есебімен жеңісі пьедесталға шығуға жеткіліксіз болды. Өйткені «Астана» Талдықорғандағы қиын матчта тең түсті.

Қазақстанның 2026 жылғы маусымында соңғы бір матч қалды. 7 қарашада Қазақстан Кубогі үшін «Ордабасы» мен «Қайсар» кездеседі. Қызылордалықтар жеңіске жетсе, оларға құрметті кубокпен қатар еурокубоктер жолдамасы бұйырады. Егер шымкенттіктер жеңіп, алтын дубль жасаса, келесі жазда Еуропаға «Оқжетпес» аттанады. «Ордабасы», «Қайрат» және «Астанамен» бірге.