Ұлыбритания королі Чарльз III Бэкингем сарайындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оған көшпейді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми өкілдердің мәліметінше, король сарайдың кең ауқымды жөндеуінен кейін де онда тұруды жоспарламайды. Бұл шешім корольдің басқа резиденцияларды пайдалануды жөн көретінімен байланысты.