Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Шараға еліміздің барлық жоғары лауазымды тұлғалары жиналды. Олардың қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов болды.
Сондай-ақ жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Бұдан бөлек, Ақордаға барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, Конституциялық комиссия және Жалпыұлттық коалиция мүшелері арнайы шақырылды.
