Константиновка қаласы толығымен Ресейдің бақылауына өтті, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Негізгі жаңалық – Константиновка толығымен алынды», - деді Песков РИА Новостиге. Оның айтуынша, Харьков және Сумы облыстарында қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері 133 елді мекен Ресейдің бақылауына өткен. Шабуылдау бөлімшесінің командирлері Ресей президентіне Константиновкадағы жағдай туралы баяндап, дрон арқылы түсірілген кадрларды көрсетті. Путин әскерилермен жазғы мақсаттар мен белсенді шабуыл операцияларын талқылады.

Константиновка Донецктен 55 шақырым жерде орналасқан. Ол Краматорск-Славянск агломерациясындағы Украина Қарулы күштерін жабдықтауда маңызды рөл атқарады, себебі онда ірі теміржол транзиттік торабы орналасқан.