Конгода мемлекеттік емтиханнан қайтқан студенттері бар ағаш қайық суға батып, кемінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайық Касаи провинциясындағы Санкуру және Касаи өзендерінің қосылған жеріне кірер кезде суға батқан. Куәгерлердің айтуынша, оқиға жұма күні болған.

«80 адам аман қалды, 20 мәйіт табылды», - деді Касаи провинциясындағы Илебо ауданының әкімшісі Франсуа Кабула.

Алайда, оқиға куәгері Чикуди Жан Associated Press-ке қайықта 200-ден астам адам болғанын айтты.

«ДРК кеме иелері тек ақшаға қызығады және адам өміріне мән бермейді», - деді Илебо азаматтық қоғам ұйымының президенті Франсуа Малепо.

Орталық Африка елінде өліммен аяқталатын қайық апаттары жиі кездеседі. Көбінесе кешкі сапарлар мен шамадан тыс толтырылған кемелер айыпталады. Қауіпсіздік стандарттарының төмендігі және елдің шалғай аймақтарында инфрақұрылымның болмауы соңғы жылдары қайық апаттарынан қаза тапқан жүздеген адамға әкеліп соқты.