Конго Демократиялық Республикасының қауіпсіздік күштері конституциялық өзгерістерге қарсы наразылық білдірушілерді таратты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шерушілер конституцияға өзгерістер енгізу жоспарына қарсы шыққан. Қауіпсіздік күштері оқиға орнына келіп, наразылық білдірушілерді тарату үшін күш қолданған. Қақтығыс кезінде бірнеше адам жарақат алған.