Колумбияның Тынық мұхит жағалауында болған жер сілкінісі салдарынан адамдар зардап шегіп, ғимараттар зақымданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Губернатордың мәліметінше, жер сілкінісі жағалаудағы аудандарда жарақаттар мен материалдық шығынға әкелді. Нақты зардап шеккендер саны мен зақым көлемі әзірге толық анықталған жоқ.
