Колумбияда заңсыз алтын өндірілетін шахта опырылып, 14 адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трагедия елдің оңтүстік-батысындағы Санта-Барбара-де-Искуанде муниципалитетінде болды. Апат кезінде шахтада 30-ға жуық кенші болған.

Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар үйінді астында қалған адамдарды шығарып алған. Тағы жеті адам жарақат алған.

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.