Колумбияда 6.8 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) бұл туралы мәлімдеді. Жер сілкінісінің дәл уақыты мен эпицентрі туралы толық ақпарат әзірге жоқ.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ресми мәліметтер күтілуде. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отыр.
