Қазақстандық спортшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбы атудың қырғыз стилінен сынға түскен Абзал Тұлыбеков барлық қарсыласынан басым түсті. Бұл Қазақстан қоржынындағы үшінші алтын медаль болды.

Бұған дейін Нұрталап Керім (60 келі) және Сайлау Мұхаммеджан (70 келі) аударыспақтан финалдық жекпе-жекте жергілікті спортшыларды жеңіп, алтыннан алқа таққан болатын.

Ал Нұрсұлтан Есімбай (90 келі) таяқ тартудан (маст-рестлинг) қола жүлдені қанағат тұтты. Тағы бір қоланы алыштан Нұрсұлтан Қожагелдіұлы жеңіп алды.

Айта кетері, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр.