Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы алыс қашықтықтағы ат жарысында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жорық деп аталатын бұл жарыста шабандоздар мен тұлпарлар 300 шақырымдық қашықтықты 4 күн ішінде еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті.

Жарыс қорытындысы

  • 011-орын — Қазақстан
  • 022-орын — Қырғызстан
  • 033-орын — Қырғызстан

Қазақстан құрамасының жеңімпаздар құрамы: Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет.

Жалпыкомандалық есеп

Төртінші қыркүйектегі ақпарат бойынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр.

Ойындарға қатысушылар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысып жатыр.