Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды. КҚК Қазақстан мұнайын қабылдауды қайта бастағаны бұған дейін хабарланған болатын.
