Көпқабатты үйлердегі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоқыс үшін жаза

Есік алдына тұрмыстық қалдықтар қалдыру ортақ орындарды ластау болып саналады. Жаза: 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) айыппұл немесе 40 сағат қоғамдық жұмыс. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мен жұмыс мерзімі екі есе артады. Құрылыс материалдары үшін де сол жаза қолданылады. Аулада үйінді үшін алдымен ескерту, содан кейін 20-30 АЕК (86 500 – 129 750 теңге) айыппұл.

Темекі шегуге тыйым

Кіреберісте темекі, қыздырылатын темекі бұйымдары, қорқор шегуге болмайды. Айыппұл: темекі үшін 15 АЕК (64 875 теңге), алкоголь үшін 5 АЕК (21 625 теңге). Қайталанса, темекі үшін 86 500 теңге, 20 сағат қоғамдық жұмыс немесе 5 тәулік әкімшілік қамақ.

Велосипед пен бесік арба

Баспалдақ алаңында велосипед, бесік арба, жиһаз қалдыруға болмайды – бұл эвакуацияға кедергі. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыппұл: 5-10 АЕК (21 625 – 43 250 теңге).

Қабырғаларды шимайлау

Ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады: 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл немесе 5-20 тәулік әкімшілік қамақ.

Үй жануарлары

Кіреберісте жануарларды қалдыру санитарлық норманы бұзу: 10-20 АЕК (43 250 – 86 500 теңге).

Тыныштық сақтау

Жұмыс күндері 22:00-09:00, демалыс күндері 23:00-10:00 аралығында шулауға тыйым. Айыппұл: жеке тұлғаға 5 АЕК (21 625 теңге), шағын кәсіпкерлікке 20 АЕК (86 500 теңге), орта кәсіпкерлікке 30 АЕК (129 750 теңге), ірі кәсіпкерлікке 100 АЕК (432 500 теңге). Қайталанса, екі есе. Шұғыл жұмыстар үшін айыппұл салынбайды.

Басқа әрекеттер

  • 01Қоғамдық орында тиісу: ескерту немесе 5 АЕК (21 625 теңге).
  • 02Дәрет сындыру: 20 АЕК (86 500 теңге) немесе 5-15 күн қамақ.
  • 03Көлікті гүлзарда немесе кіреберіс алдында қалдыру: 5-20 АЕК (21 625-86 500 теңге).
  • 04Көлікті үй алдында жуу: ескерту немесе 20 АЕК (86 500 теңге).