Фото: yandex

Биыл 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлігіне қалаған нөмірді таңдай алады. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, кеше мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызмет бойынша 11 мың өтініш түскен, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ порталы.

««Кеше еліміз бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға тарта өтініш түсті. Біз өз тарапымыздан операторлар санын көбейттік. Осы аптада нөмір таңдау қызметін eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Коняшкин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.»

Айта кетері, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірінің әріптік және сандық комбинациясын өздері таңдай алады.