Жетісу облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бір бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, шектеу 30 шілдеде сағат 21:45-те енгізілген. Шектеу KZ 05-02 «Көктал — Жаркент — Қорғас» трассасының 313-тен 319-шы километріне дейінгі бөлігінде, яғни Үшарал және Диханқайрат ауылдарына жапсарлас учаскеде қолданылады.

Компанияда атап өткендей, бұл шешім су өткізу құрылымында анықталған ақауларды жоюға байланысты қабылданған.

Көліктердің баламалы қозғалысы Жаркент — Шолақай — Алматы — Шелек — Қорғас бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Қозғалысты 31 шілдеде сағат 07:00-де ашу жоспарлануда.

Қосымша ақпаратты 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтан алуға болады.