Көкшетау өрт сөндірушілері қала мен Зеренді ауданының шекарасында орналасқан асфальт зауыты аумағында битумның жануын жойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт ауданы 100 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар оқиға орнына жоғары дәрежелі шақыртумен шықты.

«Өртті жоюға Ақмола облысы ТЖД-нің 25 қызметкері мен сегіз бірлік техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД-де.

ТЖД өндірістік нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салды. Битумды қауіпсіз сақтау мен пайдалануға, жабдықтың жарамдылығына және алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше назар аудару керек.

Бұған дейін «Курсив» Жамбыл облысындағы қоқыс полигонында өртті сөндіру туралы айтқан болатын.