Көкшетауда шетел азаматы Орталық мәдениет және демалыс саябағының мүлкін өртеуге тырысып, ауыр күйік алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 12 маусымға қараған түні Абылай хан ескерткішінің жанындағы орталық алаңда болды. Полиция мәліметінше, сағат 01:05 шамасында шетел азаматы мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам өз әрекеттерімен айналасындағыларға қауіп төндіріп, Орталық мәдениет және демалыс саябағының мүлкін өртеуге тырысқан.

Өз сақсыздығы салдарынан ер адамның өзі тұтанып кеткен. Ол ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді. HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, зардап шеккен адамның денесінің 80%-ға дейінгі бөлігі күйік шалған.

Полицияда оқиғадан бір күн бұрын, 11 маусымда, ер адамның мас күйінде қоғамдық орында болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол бұрын да қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық қорғау органдарының назарына бірнеше рет іліккен.

Болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Бұған дейін «Курсив» Қытайдың Далянь қаласында болған өрт салдарынан 20-ға жуық жаңа электромобиль, болжам бойынша Geely Galaxy A7 седандары жойылғанын хабарлаған. CarNewsChina деректері бойынша, өрттің себебі 74 жастағы жергілікті тұрғынның жиналған терек түбітін өртеуі болуы мүмкін.