Көкшетауда 23 жастағы әйел психотроптық препараттарды заңсыз сатумен айналысқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың күзінен бастап қыз заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын дәрілік заттарды сатумен айналысқан. Ол дәрі-дәрмектерді интернет-ресурстар арқылы үлкен партиялармен сатып алып, таныстарына сатқан.

Полицияның айтуынша, бұл тәуелділікті тудыратын және адам денсаулығына теріс әсер ететін дәрілер. Оларды тек дәріханаларда және дәрігердің рецепті бойынша ғана сатып алуға болады.

Полицейлер тұрғылықты жерін тінту барысында дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ оны заңсыз өткізу мәселелері талқыланған әлеуетті сатып алушылармен хат-хабарларды тауып, тәркіледі.

Сот процесінде сотталушының өзі психобелсенді заттарды қолданатыны, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, бойжеткен бұрын электронды темекі сатумен айналысқан, бірақ кейіннен дәрі-дәрмектерді сатуға көшкен.

Сот әйелді кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сот емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады.