Көкшетауда мектеп оқушысы жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қауіпті жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға 5 қазан күні сағат 8:00 шамасында қала мектептерінің жанында болған.
Полицияның мәліметінше, Subaru Forester көлігінің жүргізушісі мектепке барған, бірақ баланы белгіленбеген жерде түсірген. Қозғалыс кезінде бала есікті ашып, көліктен құлап түсті.
Полицейлер тиісті жастағы балаларды тасымалдау кезінде қажетті қауіпсіздік белдігі немесе адаптер пайдаланылмай тасымалданғанын анықтады.
"Оқиға фактісі бойынша жүргізуші жолаушыларды тасымалдау талаптарын және тоқтату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінде.
Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салынды.
