Көкшетауда ер адам салонда иесі ұйықтап жатқан көлікті мініп кеткен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде дәмханадан шыққан 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған. Таң қаларлығы, бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан. Күдікті шамамен 10 метр жүргеннен кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.
