Көкшетауда ер адам түнгі уақытта музейге терезе арқылы кірген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 12 қыркүйекте болған. Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті музей директорынан мүліктің бүлінгені туралы шағым түскен.

«Түнде белгісіз адам музей ғимаратына кіріп, жертөледегі терезеге зақым келтіргені анықталды. Осыдан кейін шабуылдаушы техникалық жабдықтар орналасқан бөлмеге кірген. Ол сымдар, пломбалар, датчиктер және басқа жабдықтарды зақымдап, жылу жүйесіне зиян келтірген», — дейді полицияда.

Шығын шамамен 1 млн теңге. 32 жастағы күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.