Ақмола облысында тұрғыннан 10 миллион теңгеден астам ақша алып кеткен курьер Астанада ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетауда 59 жастағы қала тұрғыны алаяқтарға алданып, 10 миллион теңгеден астам қаражатын курьерге ұстатып жіберген.

Арыз 11 қыркүйекте түскен

11 қыркүйекте Көкшетау қаласының полиция басқармасына интернет-алаяқтық туралы арыз түсті. Әйел өзін күш құрылымдарының қызметкерлері етіп таныстырған белгісіздер оны үлкен ақша беруге көндіргенін айтты.

«Алаяқтардың нұсқауларына сүйене отырып, жәбірленуші 10 миллион теңгеден астам қаражат жинап, пакетті келген курьерге тапсырды», — дейді полиция.

Ер адам ақшамен жасырынғаннан кейін ғана әйел алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген.

Күдікті Астанада ұсталды

Полиция күдікті курьерді бірден анықтаған. Алғашқы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталып, полицейлер дереу елордаға барған.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні төрт сағат іздеп, ұстады. Одан жәбірленушіге тиесілі қаражат табылып, тәркіленді. Курьер алынған барлық соманы аударып үлгермеген. Ол Көкшетауға барып, ақшасы бар пакетті алу туралы телефон арқылы тапсырма алғанын айтты», — дейді Ақмола облысының полиция департаменті.

Тергеу жалғасуда

Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Полицейлер ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екенін анықтап жатыр.