Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан күміс жүлде иеленді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда Қырғызстан мен Қазақстан командалары кездесті. Ақтық сында есеп 7:2 көрсеткішімен қырғыздардың пайдасына шешілді. Жалпы бұл ұлттық спорт түрінен жарысқа жеті команда қатысты.

Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да қазақтар мен қырғыздар финалда тартысып, Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол кезде бұл нәтижеге қатысты бірқатар пікірталас болған.

Тоқаев көшпенділер ойындарына қатысушылардың еңбегі елеусіз қалмайтынын айтты.