"Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа идеялары туралы айтқан сөздеріне қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Рубио Мәскеу мен Киевте АҚШ-тың арнайы елшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен өткен келіссөздерде Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа идеялары талқыланғанын мәлімдеген болатын.
Киселев өзінің Telegram арнасында: "Бұл идеялар әлі ешкімнің назарын аудармаған секілді. Өйткені бәрі бұрынғыдай әрекет етіп жатыр. Үнемі үміт сыйлай бергенше, оларды жүзеге асыратын уақыты келді", - деп жазды.
Ол Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы жақсы жеке қарым-қатынастарға қарамастан, "нақты мәселе келісілген және америкалықтар өз уәделерін орындаған" толыққанды Ресей-АҚШ саммиті әлі болмағанын айтты.
"Сондықтан, "жаңа идеяларға" қатысты әзірше үміттенуге ерте. Босаңсымайық", - деді Киселев.
Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Уиткофф пен Кушнерді Кремльде қабылдады. Бұл Вашингтон өкілдерінің Ресейге сегізінші сапары болды. Келесі күні олар Украина астанасына келді.
Кремльдің мәліметінше, Путин осы байланыстарға дайындалу және оларды жүргізу үшін Киевке оқ атуды үш күнге тоқтатуды бұйырды.
Келіссөздер екі раундта өтті, екінші раундта оларға Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қосылды.
