Киев соғыс қимылдарының географиясын кеңейту үшін Беларусьті Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа тікелей тартуға тырысып жатыр. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі Украина дағдарысы бойынша дөңгелек үстелде мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесудің тақырыбы — «Украина дағдарысы: Батыстың шынайы мақсаттары мен рөлі» болды. Лавровтың айтуынша, Киевтің әрекеттері «Беларусьті тікелей қақтығысқа тартуға және соғыс қимылдарының географиясын кеңейтуге, осылайша қақтығысты саяси және дипломатиялық жолдармен шешу мүмкіндігін қиындатуға бағытталған».

Сондай-ақ Лавров Украина Қарулы күштерінің беларусь балалары мінген автобусқа шабуылына байланысты Беларусь елшісіне қолдау білдірді. «Мен осында отырған Беларусь Республикасының елшісіне және ол арқылы беларусь халқына Брянск облысында Украина Қарулы күштері жасаған террористік шабуылға байланысты қолдау білдіргім келеді», — деді ол.

Ресей сыртқы істер министрі Владимир Зеленскийдің Беларусьте «тәртіпті қалпына келтіру» талабын «дөрекілік» деп атады.