Эфиопиялық Йомиф Кежелча жарты марафонда әлемдік рекордты жаңартты. Ол жексенбіде Буэнос-Айресте өткен World Athletics жол жарысында 56 минут 51 секунд уақыт көрсетіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

29 жастағы спортшы бұған дейін де бұл рекордқа ие болған. Ол 2024 жылдың қазанында Валенсияда 57:30 нәтижемен рекорд орнатқан еді. Алайда наурыз айында Угандалық Джейкоб Киплимо бұл көрсеткішті жақсартты.

Киплимо биыл Лиссабонда 57:20 уақыт көрсеткен болатын. Енді Кежелча бұл уақыттан 29 секундқа жақсы нәтиже көрсетіп, рекордты қайтарып алды. Бұл нәтиже ресми ратификациядан өтуі тиіс.

Кежелча — 10 000 метрге жүгіруден әлемдік жол жарысының күміс жүлдегері. Ол сондай-ақ ерлер арасындағы 10 000 метрге жол жарысында әлемдік рекордшы болып табылады.

Биыл ол Лондон марафонында Кениялық Себастьян Сауэден кейін екінші орын алып, рекордтық жағдайда екі сағаттан аз уақытта марафонды жүгірген алғашқы спортшылардың бірі атанды. Сауэ 1:59:30 нәтижемен рекордтық жарыста жеңіске жетіп, Кежелчадан небәрі 11 секундқа озық болды.