Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Белгілі блогер, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына ерекше есім қойды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
««Қағаров Санат Сәкенұлы. Санат есімі «бірлік, келісім, гармония» деген мағынаны білдіреді. Оның әрдайым гармонияда өмір сүргенін қалаймын», – деп жазды ол Instagram сторисінде.»
—
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың танымал блогер Қыран Талапбектен Назар есімді ұлы бар. Баланы қазір Айжұлдыздың анасы Жанар Айжанова тәрбиелеп жатыр.