«— Егер бұрын, 8–10 жыл бұрын, тұтынушылар сауда желілеріне адал болып, жеңілдік іздейтін адамдардың үлесі кезеңге қарай небәрі 2–5% шамасында болса, қазір біз тұтынушылардың 55–60%-ы сауда желілеріне адал емес, тек жеңілдікті іздейтінін көріп отырмыз. Байқасаңыз, бүгінде сауда желілері жарнама жасағанда негізгі екпінді жеңілдікке қояды. Бұл сатып алу қабілетінің төмендеп жатқанын білдіреді. Адамдар енді сапаны, ассортиментті немесе жайлылықты емес, тек арзанын іздей бастады, олар жеңілдік болатын жаққа қарай жүгіреді, — деді ол TengeTalks-қа берген сұқбатында.»
—
admin
Редакция
Талқылау · 0 пікір
Markdown қолданылады · модерация: 1-2 сағ
