Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалға және еліміздің тұрақтылығына төнуі мүмкін қатерлерге байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді жүктеді.
Сонымен қатар Үкіметте Сыртқы істер министрлігі басқаратын арнайы мониторинг тобы құрылды. Өңір әкімдеріне де Таяу Шығыстағы ахуалды ескере отырып, жедел шешімдер қабылдау тапсырылды.
