Қазақстанда 3 қыркүйек ұлттық ит тұқымдарына арналған жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні болып бекітілді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұл күн еліміз үшін мәдени әрі тарихи маңызы зор тазы мен төбетке арналды.

Алайда бұл жаңалық елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның қызу талқыланып жатқан кезіне дөп келді. Аталған заң жобасында ұсталған қараусыз иттерді бес күннен кейін көзін жою нормасы қарастырылған. Бұл бастама қоғамда үлкен дау тудырып отыр.