Биыл Оқу-ағарту министрлігі 8 мыңнан астам «Алтын белгі» төсбелгісін дайындауға 231,3 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік тапсырысты Монета сарайы мамыр айының соңына дейін орындайды деп жоспарланған. Нәтижесінде бір төсбелгінің өзіндік құны 27 695 теңгені құрайды.

«Алтын белгі» бағасы соңғы жылдары айтарлықтай өскені байқалады. Мәселен, 2023 жылы бір медаль 16 520 теңге тұрса, биыл бағасы әлдеқайда қымбаттаған.

Сонымен қатар үздік оқушылардың саны да артқан. Өткен жылы мемлекет небәрі 5 500 төсбелгіге ғана тапсырыс берген болатын.