Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күрделі жағдайға қарамастан, барлық сын-қатерді еңсеріп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының айтуынша, былтыр ел экономикасы 6,5 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жеткен. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың долларды құрап, бұл ТМД елдері арасындағы рекордтық көрсеткіш болды.
Сонымен қатар, Қазақстанның алтын-валюта қоры 74 миллиард долларға жуықтады. Бұл – тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары деңгей.
Президенттің сөзінше, Орталық Азияға тартылған таза шетелдік инвестицияның 69 пайызы Қазақстанның үлесінде. Ал шағын және орта бизнестің ұлттық экономикадағы үлесі қазір 40 пайызға жетті.
Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар: азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасты құрады. Қазақстан биыл әлемдегі экономикасы ең ірі 50 елдің қатарына қосылды. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, еліміз жаһандық экономиканың дамуына үлес қосып отырған әлемдегі 25 мемлекеттің бірі атанды.
«Еліміздің ынтымақ-бірлігі мен халқымыздың табанды еңбегінің арқасында орасан зор табысқа қол жеткіздік. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды.»
—
