Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, Қазақстан Ираннан босқындар келуі мүмкін жағдайға дайын, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Министрлік өкілі қазіргі уақытта Ирандағы немесе Таяу Шығыстың басқа елдеріндегі этникалық қазақтардан ешқандай өтініш түспегенін атап өтті.
««Дегенмен босқындар ағыны болуы мүмкін жағдайға арналған хаттамалар бар және мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде әрекет етуге дайын», – деді Әлібек Бақаев.»
—
Егер Ираннан босқындар легі басталса, олардың баратын жері аз болуы мүмкін. Себебі қазір Батыс елдері мен Таяу Шығыстың біраз мемлекеті Иранмен текетірес жағдайында. Соғыс кезінде Еуропа мен АҚШ «босқындармен бірге радикалды топтар кіріп кетуі мүмкін» деп қауіптеніп, оларды жаппай қабылдай қоюы екіталай.
Осыған байланысты бейтарап саясат ұстанатын Орталық Азия елдері босқындар үшін қауіпсіз әрі жетуге оңай бағыттың біріне айналуы ықтимал.
Айта кетерлігі, ирандықтар – білім деңгейі жоғары халық. Түрлі деректерге сәйкес, Иран халқының шамамен 25%-ы жоғары білімді, бұл көрсеткіш Қазақстанмен шамалас. Олар – өз елінде жоғалтатын дүниесі бар білікті мамандар.
