Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясында жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Сәпиев енді боксты дамыту жөніндегі президент кеңесшісі қызметін атқарады.
««Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде ұлттық құрамалардың нәтижесін жақсарту, спортты жүйелі дамыту және Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету ісімен айналысады», – делінген хабарламада.»
—
Сәпиев – Олимпиада чемпионы, әлемнің және Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Вэл Баркер кубогының иегері. Ол бұған дейін спорт және мемлекеттік басқару саласында бірқатар басшылық қызметте болған.
Ал танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының координаторы болып бекітілді.
««Қанат Ислам бокстан Қазақстанның жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижелерді жақсартуға үлес қосады», – деп жазылған федерация хабарламасында.»
—
Қанат Ислам – WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша чемпион. Әуесқой бокста Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының және Азия ойындарының жүлдегері атанған.
