Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Мұхтар Шаханов 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Ақынның соңғы апталарда ауыр халде жатқаны белгілі болатын.

Бұған дейін Шаханов атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ оның жансақтау бөліміне түскенін жазған еді. Жақындары да жазушының денсаулығында кінәрат барын айтқан.

Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, азаматтық ұстанымымен танылған тұлға. Оның шығармалары әрдайым қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерді.