Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Polisia.kz хабарламасына сәйкес, «Қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды».
Ұсталғандардың қатарында:
- 01ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы;
- 02екі әскери бөлімнің командирі;
- 03теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі;
- 04«Қайсар» катерінің командирі бар.
Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске қатысы бар басқа да тұлғаларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың 14-і қаза болды. Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды.
