Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғадан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қылмыстық істі министрліктің әскери-тергеу құрылымы қозғап отыр.
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде салғырттық танытқаны үшін айыпталды.
Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Айта кетері, Каспийдегі трагедияға дейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қызметін Қанат Ниязбеков атқарған. Оның 1-дережелі капитан атағы да бар.
