Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхаттарын жолдап жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан, Әзербайжан, Беларусь, Франция, Сербия, Вьетнам президенттерінен, Армения премьер-министрі, Татарстан Раисы және халықаралық ұйымдардың басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп түсті.
Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізген.
Сонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Қазақстан президенті халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.
