Каспийдегі арнайы операциялар барысында шекарашылар 126 құқықбұзушыны және 44 шағын кемені ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәліметінше, тәркіленген заттар арасында 11,5 кг есірткі заттары және 88 километр браконьерлік аулау құралдары бар.
Сонымен қатар, ведомство деректері бойынша, аулардан табылған 2337 бекіре және бөктергі тұқымдас балықтар табиғи ортаға жіберілді.
Әкімшілік айыппұлдар 4,5 млн теңгеден астам сомаға салынды. Мемлекетке келтірілген шығынның алды 840 млн теңгеден астам сомаға алынды.
Бұған дейін «Курсив» Каспий жағалауында жүздеген өлі бекіре табылғанын жазған болатын.
