Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды», — деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын.

Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза болды.

25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.