Каспий теңізінің акваториясында іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады. Тәулік бойы жүздеген құтқарушы, авиация қызметкерлері мен сүңгуірлер оқу-жаттығу кезінде жоғалып кеткен екі әскери қызметшіні іздеп жатыр.

24 қыркүйекте ашық теңізге 17 адамды теңіз толқыны ағызып әкеткен болатын. Кейін 12 әскери қызметшінің қаза болғаны белгілі болды, үшеуі құтқарылды.

Іздестіру жұмыстарына жүздеген құтқарушы, авиация қызметкерлері мен сүңгуірлер жұмылдырылған. Операция тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр.