Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында 1999 жылы туған ер адамды іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ер адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен. Оқиға 21 маусымда болған. Кешке қарай Мұнайлы ауданында Каспий теңізінің жағалауында оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті, "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары, еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 21 маусымда теңіз жағалауындағы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 27 жастағы жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
