Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай айдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысқа дайын екенін атап өтті. Бұған дейін БАҚ дереккөздерге сілтеме жасай отырып, КҚК-ның Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатқанын хабарлаған болатын.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі серіктес елдерді КҚК теңіз терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды. Елдің Энергетика министрлігі де маңызды энергетикалық инфрақұрылымға жататын, тек азаматтық сипаттағы нысандарға мұндай шабуылдар жасауды қабылданбайтын әрекет деп санайтынын мәлімдеген болатын.
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыржолы арқылы Қазақстанның мұнай экспортының 80%-ы тасымалданады.
